«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жабылуы » КГУ «Общеобразовательная школа №91 » Управления образования г.Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 247-78-98
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-78-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жабылуы
12
февраль
2021

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жабылуы

12.02.2021 күні мектебімізде оқушылар мен мұғалімдер арасында онлайн форматта «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жабылуы өтті. Қазақстанның бірінші ханымы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпасқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі адамгершілік-рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетіндегі өмір сүрген барлық халықтардың арманы – өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіру. 
Іс-шараның мақсаты: 12-ші ақпан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып, бұл күннің біз үшін өте ерекше екендігін айтып түсіндіру. С.А. Назарбаеваның өміріне тоқталып, жаңа мәліметтер беру. Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.