«Мейірім төгетін ана» атты мектепшілік кітап көрмесі » КГУ «Общеобразовательная школа №91 » Управления образования г.Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 247-78-98
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-78-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мейірім төгетін ана» атты мектепшілік кітап көрмесі
01
февраль
2021

«Мейірім төгетін ана» атты мектепшілік кітап көрмесі

№91 ЖББ мектебінде 01.02.2021 күні «Өзін – өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»  тақырыбында ұйымдастырылған өзін-өзі тану пәнінің онкүндігінің іс-шара жоспары бойынша кітапханашысы Р.С. Абдраманова және  өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері К.З. Алибекова мен А.С. Ахметова «Мейірім төгетін ана» атты мектепшілік кітап көрмесін өткізіп,   С.А. Назарбаеваның 80 жылдық мерейтойына арналған қызықты   мәліметтермен  таныстырды.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларға 12-ші ақпан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айта отырып, бұл күннің біз үшін өте ерекше екенін жеткізу. С.А.Назарбаеваның өміріне тоқталып, жаңа мәліметтер беру. Қазақстанның бірінші ханымы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпасқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі адамгершілік-рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетіндегі өмір сүрген барлық халықтардың арманы – өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіру. Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.