"Ұл бала - ұлт қорғаны" атты ұлдар жиналысы » КГУ «Общеобразовательная школа №91 » Управления образования г.Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 247-78-98
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-78-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
январь
2020

"Ұл бала - ұлт қорғаны" атты ұлдар жиналысы

2020 жылдың 24 қаңтар күні ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу мақсатында мектебіміздің 7-10 сынып ұлдарына "Ұл бала - ұлт қорғаны" атты ұлдар жиналысы өтті. Жиналысқа ДТІЖО Г.Т. Джанпейсова, мектеп психологы Ж.А. Нурмуханбетова, мектеп медбикесі Г.Т. Сайдуллаева және №14 қалалық емханасының дәрігерлері Манкеева Бибигуль Ораловна мен Сергалиева Гульмира Адильжановна қатысты. ДТІЖО Г.Т. Джанпеисова балалардың сабаққа қатысуы, мектеп формасы, сабаққа кешігу, ұлдардың сабақ уақытындағы, сабақтан тыс уақыттағы тәртібі, мектеп мүлкін ұстау тәртібі жөнінд баяндама жұмысын жүргізсе, мектеп психологы Ж.А. Нурмуханбетова және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Е. Рахымберді "Ер баланың психологиялық ерекшеліктері" атты баяндамасын оқыды. Сонымен қатар, №14 емхананың дәрігерлері зиянды заттардан аулақ болуы, қоғамдық ортада өзін қалай ұстау керектігі жайлы айтты. Жиналысқа 7-10 сынып оқушыларынан 96 ұл бала қатысты.