10
июль
2025
«Еңбек – бәрін жеңбек»
2025 жыл — Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл жыл еңбек адамының мәртебесін көтеріп, кәсіби-техникалық білімнің маңызын арттыруға бағытталған. Ел экономикасын дамытуда жұмысшы мамандықтарының маңызы зор. Қоғамға қажетті дәнекерлеуші, құрылысшы, электрик, аспаз, механик, жүргізуші сияқты көптеген мамандық иелері – ел дамуының тірегі.Мектеп қабырғасынан бастап оқушыларды еңбекке баулу, кәсіптік бағдар беру – маңызды міндеттердің бірі. Осы жыл аясында мектептерде түрлі танымдық іс-шаралар, кездесулер, шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. Мақсат – жастарды нақты еңбекке баулу, жұмысшы мамандықтарына қызығушылығын арттыру.«Еңбек – бәрін жеңбек» деген қағиданы ұстана отырып, біз жас ұрпақты адал еңбекке тәрбиелеуіміз қажет.