Алматы қаласы білім басқармасының
«№91 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 247-78-98
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-78-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
май
2025

ҚАТАҢ ТҮРДЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

Құрметті ата-ана!

Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық әдепті сақтау және әділдік қағидаттарын ұстану мақсатында келесі әрекеттерге қатаң түрде тыйым салынады:
• Бітіруші 4, 9 және 11-сынып оқушыларынан мектеп қажеттілігіне ақша жинау;
• Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру;
• Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге қандай да бір сыйлықтар беру;
• Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті заттар үшін қаражат жинау;
• Оқушылардың автокөлік шеруіне қатысуы, ойын-сауық орындарына, мейрамхана немесе саябаққа баруы;
• Қорытынды аттестаттау кезінде ата-аналардан ақша жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыру.

Мақсаты: Сыбайлас жемқорлықпен күресу, тәрбие мен әділдікті сақтау және балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Оқу жылының аяқталуына орай өткізілетін шара барысында қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі. Шараға тек бір ғана жақын туыстың (ата-ананың) қатысуына рұқсат етіледі.

Сізден осы ескертулерге түсіністікпен қарап, балаңыздың өмір қауіпсіздігі үшін бірге жауапкершілік алуыңызды сұраймыз.

Біздің басты мақсатымыз – оқушыларға сапалы білім беріп, оларды өнегелі өмірге және әділетті қоғамға бейімдеу.

Қосымша сұрақтарыңыз болса, мектебіміздің есігі әрқашан ашық!

Мектеп директоры:Ахметова Райза Абылхаировна