Кітапхана оқырмандары арасында "Үздік оқырман" бенефисі өтті.
Мектеп кітапханасында «Үздік оқырман» бенефисі өтті.
Мектеп кітапханасында оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігі мен оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған «Үздік оқырман» атты тағылымды бенефис шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шарада кітап оқуға деген ынтасымен, білімге құштарлығымен ерекшеленген оқушылардың еңбегі жоғары бағаланды.
Шара барысында бір жыл ішінде 17 кітап пен журналды толық оқып шыққан 9 «А» сынып оқушысы Сейілхан Әли «Үздік оқырман» номинациясымен марапатталды. Бұл – табандылықтың, ізденістің және рухани дамуға деген ұмтылыстың жарқын көрінісі.
Оқырмандарды құрметтеу, кітап оқудың маңызын насихаттау және жас ұрпақты кітаппен дос болуға ынталандыру мақсатында өткен бұл шара оқушылардың белсенділігін арттырып, рухани әлемін байытуға ықпал етті. Белсенді қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз.

