Біз туралы » Страница 14 » КГУ «Общеобразовательная школа №91 » Управления образования г.Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 247-78-98
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-78-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
Халық санағына ат салысқан қызметкерлерге "Алғыс" хат
16
ноябрь
2021
Халық санағына ат салысқан қызметкерлерге "Алғыс" хат
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Алатау ауданының әкімі А.Қалдыбеков 2020-2021 жылғы кезекті ұлттық халық санағын өткізуде белсенді ат салысып, еліміздің демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтау жолында аянбай еңбек етіп, өз үлестерін қосқаны үшін тарих пәнінің мұғалімі Жанар Аленовна Несипбекова, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гүлнұр Қайратқызы Құрманқожа және кітапханашы Раушан Сагындыковна Абдраманова "АЛҒЫС" хатпен марапаттады  
“Ақберен” республикалық өнер байқауы
15
ноябрь
2021
“Ақберен” республикалық өнер байқауы
Аудандық шығармашыл оқушылар арасында өткізілген “АҚБЕРЕН” республикалық өнер байқауында 8 “А” сынып оқушысы Жарқын Бақдәулет, ІІІ орын, 10 “А” сынып оқушысы Кенжебай Аяулым, ІІ орынға ие болды. Шын жүректен мектебіміздің атынан құттықтаймыз! Білімді, алғыр оқушыларымыз көп болсын! Жетекшілері: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Тулеуова И.Д., Альби Ахерке
“Абыройлы ұстаз “Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға”
13
ноябрь
2021
“Абыройлы ұстаз “Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға”
Алматы қаласы, Алатау ауданы мектептер арасында ұйымдастырылған “Абыройлы ұстаз “Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға” атты бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен өткен байқауда мектебіміздің тәжірбиелі ұстазы Мушанова Ажаркуль Оразаевна “Шығармашыл ұстаз” номинациясын иеленді. Сізді шын жүректен құттықтап, жұмысыңызға шығармашылық табыс тілейміз!
Мектепішілік олимпиада
12
ноябрь
2021
Мектепішілік олимпиада
12.11.2021күні мектебімізде 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың мектепшілік кезеңі өткізілді. Мектеп бойынша 8 пәннен 46 оқушы қатысып, 16 оқушы аудандық кезеңге жолдама алды. Осы оқушыларымызға алдағы олимпиададан сәттілік тілейміз!
“Адал ұстаз” атты аудандық конкурсы
12
ноябрь
2021
“Адал ұстаз” атты аудандық конкурсы
Алматы қаласы, Алатау ауданы білім беру ұйымдарының педогог қызметкерлері арасында ұйымдастырылған “Адал ұстаз” атты аудандық конкурсына қатысқаны үшін мектебіміздің бастауыш пәні мұғалімі Оразбаева Назерке Талғатқызы қатысып, АЛҒЫС хатпен марапатталды
Республикалық лингвистикалық олимпиадасы
11
ноябрь
2021
Республикалық лингвистикалық олимпиадасы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық лингвистикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне мектебіміздің 10 “А” сынып оқушысы Шабаз Мадияр жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Альби Ахерке