"Жеңіл атлетика, эстафеталық жүгіру, эстафеталық таяқшаны беру әдісі" тақырыбында аудандық семинар » КГУ «Общеобразовательная школа №91 » Управления образования г.Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 247-78-98
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-78-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жеңіл атлетика, эстафеталық жүгіру, эстафеталық таяқшаны беру әдісі" тақырыбында аудандық семинар
20
ноябрь
2021

"Жеңіл атлетика, эстафеталық жүгіру, эстафеталық таяқшаны беру әдісі" тақырыбында аудандық семинар

Мектебімізде 20.11.2021 күні жас мамандарды жеңіл атлетика тарихымен таныстыру, жеңіл атлетика түрлерінің техникасын үйрену үдерісінде қажетті ептілік пен дағдыларды игеру, оқу жүйесін дұрыс қалыптастыру мен үйрету, жоғары спорттық нәтижеге жету үшін және қозғалыс техникаларын тиімді үйрену үшін қажетті физикалық сапаны дамыту мақсатында "Жеңіл атлетика, эстафеталық жүгіру, эстафеталық таяқшаны беру әдісі" тақырыбында аудандық семинар болып өтті. Семинарға ауданның 26 мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинардың бірінші бөлімінде мектебіміздің ұлағатты ұстазы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Уласбек Баймурзаевич Бейсенов "Жеңіл атлетика, эстафеталық жүгіру, эстафеталық таяқшаны беру әдісі" тақырыбында баяндама оқып, семинардың екінші бөлімі жас мамандарға өз тәжірибесімен бөлісу мақсатында ашық сабағымен жалғасты. Мұғалімдер өз тәжірибелерінде қолдануға керекті білім, әдіс-тәсілдерді үйреніп, тәжірибе алмасып, өткізілген сабақ талданды. Мұғалімдер семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, жақсы тілектерін арнады.